Жаңа «Ақ кеме» жағажайы ашылды
Біздің компания акционерінің қолдауымен, «Бұрғылау» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне қаржы бөлу арқылы компания жұмысшыларына арналған жаңа жағалауды ашу мүмкіндігі туды.
Жағажай «Кендірлі» демалыс орнының маңында орналасқан және демалысқа арналған барлық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған (асхана, демалу бөлмелері, қайықпен серуендеу, шағын бассейн, балаларға арналған батут, волейбол алаңы, шахмат, дойбы ойындары, күзет және құтқарушы қызметтері және т.б), 64 адамға есептелген. Үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жағажай жаз бойы күнделікті сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды.
Жаңа жағажайдың ашылуы жұмысшылардың демалысын тиімді ұйымдастыруға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады
Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды
Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану
«Бұрғылау» ЖШС
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.