Компания туралы

Компания тарихы

1970 жылға дейін Маңғышлақтағы пайдалану ұңғымаларын бұрғылау Жаңаөзен қаласында орналасқан бұрғылау жұмыстары трестерінің күшімен жүргізілді (басшылары И. Моржавин, Н. Левченко, К. Қарамурзиев). Өзен және Жетібай ірі кен орындарындағы бұрғылау жүмыстарының барлық өсуші көлемдері бұрғылау кәсіпорындарын қайта құруды қажет етті.

1970 жылдың 1 қыркүйегінде бұрғылау жұмыстарының бұрынғы тресінің базасында бұрғылау жұмыстарының Өзен және Жетібай басқармалары құрылды.

Бұрғылау жұмыстары басқармасының құрамына Өзен пайдалану ұңғымаларын бұрғылау кеңсесі, Өзен геологиялық-барлау экспедициясы, мұнара тұрғызу кеңсесі, Автокөлік кеңсесі және Тампонажды кеңсе кірді. Басшылар болып Н. Марабаев, Д. Нұрисламов, Қ. Қарамұрзаев тағайындалды.

Бұрғылау жұмыстары басқармаларының кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа жүйесі бойынша жұмысы жаңа жүйенің артықшылықтарын көрсетті, ұңғымалар жүйесін технологиялық тұрғыдан бақылау жұмысы жақсарды, өндірістің тоқтап қалуы қысқартылды, өндіріс мәдениеті артты.

Пайдалану ұңғымаларын бұрғылау саласында еңбекті ұйымдастыруда бұрғылау бригадаларын ұңғымаларды өткізудің екі білдекті әдісіне көшу шарасы енгізілді. Өзенде алғаш рет қолданылған бұл әдіс кейін Батыс Сібірде ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі әдісі болып қалды.

Ұңғымаларды бұрғылау технологиясы саласында да жұмыстар жүргізілді. Қозғалтқыштық, роторлық әдіспен тіректік-технологиялық ұңғымалар сериясы бұрғыланды. Осылайша, тереңдігі 1840 № 201 ұңғымасын В. Несветайлов бригадасы 3 350 айына м/ст коммерциялық жылдамдықпен бұрғылады.

Н. Марабаевпен, М. Чудновскиймен, В. Бурхайломен жасақталған Өзен алаңындағы техникалық суды ұңғыманы бұрғылау технологиясы үлкен маңызға ие болды. Сондай-ақ, күкірсутекті контурда бұрғылау проблемасы шешілді. (Т. Чудновский, А. Абрахманов). А. Еремин басқаратын бригада жылына 60 мыңнан кем емес тау жынысын бұрғылады, бұл көрсеткіш ол уақытта Қзақстанда ғана емес, КСРО-да да рекордтық болып есептелді.

Мұнай өнеркәсібі министрлігі бұрғылау бригадаларының арасында Бүкілодақтық социалистік жарыстардың нәтижесі бойынша аталған бригада ұжымы бірнеше рет бірінші орынға ие болып, «КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің ең үздік бұрғылау бригадасы» атағын алды.

БЖБ бұрғышыларының өз міндеттерін табысты орындауы Өзен мұнайшыларының өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік берді, олар Өзен кен орнынан мұнай өндірісін арттырып, жылына 17 миллион тоннаға дейін жеткізді.

VIII бес жылдықта Өзенде үздік бұрғышылар тобы қалыптасты. Бұрғышылар тобы үлкен үкіметтік марапаттарға ие болды. Ленин орденімен бұрғышылар Х. Мұхаметдинов және Т.Опиев, Октябрь революциясы орденімен бұрғылау шебері Г. Әбдіразақов пен мұнара тұрғызу кеңсесінің прорабы Ш. Аспенбетов, Еңбек Қызыл Ту орденімен бұрғышылар М. Бегов, А. Замятин, А. Медеуов, Н. Тасбулатов, машинист А. Жолмағамбетов, күрделі жұмыстар шебері П. Филин, электр пісіруші Б. Мұхамбетов, моторист Б. Қыдырбаев, мұнара тұрғызу кеңсесінің пісірушілер бригадирі Ш. Косбаев., ӨҚБ слесарі В. Ткаченко, Құрмет белгісі орденімен бұрғышылар А. Байжанов, В. Тютерев, И. Чаусяеский, Партком хатшысы К.Нұрғалиев, ОИТҚ ауысымының бастығы Хамракулов, электр пісіруші К. Ерболатов, машинистер С. Шатенов және А. Тыртышный, моторист М. Кашапова, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен – БЖБ бас геологы К. Қарамурзиев, ӨҚБ аға механигі А. Құсайынов, электромонтер Герматко және бұрғышы көмекшісі Ю. Коновалов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - токарь Ж. Багапов, мотористер К. Сысоева, А. Палеева, краншы С. Қошмағамбетов, жұмысшы О. Банина, электр пісірішуі Т. Плетян марапатталды.

Бұрғылау жұмыстары басқармасы ғылыми-техникалық прогресті жан-жақты дамыта отырып, ғылыми жаңашылдықтарды, жаңа технологияны кеңінен енгізді.

Басқарманың 10 бригадасы Мұнай өнеркәсібі министрлігінің ең үздік бригадасы атағына ие болды, ал Басқарманың өзі 1970-1980 жылдары төрт рет Одақтың бұрғылау кәсіпорындарының арасында жеңімпаз атанды және КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің ауыспалы Қызыл Ту орденіне ие болды.

Озық технологияны ұйымдастырғаны және ұңғымаларды бұрғылауда өте жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Социалистік Еңбек Ері жоғары атағын бұрғылау шеберлері Г. Шевченко, Т. Қадыров, А. Еремин алды.

Өзен бұрғылау жұмыстарының басқармасы, қазіргі уақытта «Бұрғылау» ЖШС өзінің жоғары деңгейдегі көрсеткіштерімен 1986 жылы жылына 444 719 метр тау жынысын бұрғылап, 305 пайдалану ұңғымаларының құрылысын аяқтап, даңқтың ең жоғарғы шегіне жетті.

УКЭББЖБ және «Бұрғылау» ЖШС-мен 9 223 546 метр тау жынысы бұрғыланды, тапсырыс берушіге 6.630 ұңғыма тапсырылды.

БЖБ ұжымында әр түрлі басшылық лауазымда жұмыс жасап жатырған және жасап кеткен жас мамандар да аз емес. Олар инженерлер У. Дусенбаев, К. Усенов, А. Раушанов, Н. Иманбаев, А. Утебаев, У. Телегусов, С. Ноғаев, Ш. Шамаров, А. Утесинов, Б. Қарамурзаев, Т. Аджибаев, М. Каирилев, Е. Марабаев, И. Шагирбаев, Р. Уткилбаев, Д. Назарбеков, Т. Базарбаев, К. Аленова, А. Орынбаев , М. Алгалиев, Т. Сейтмағамбетов, Р. Серикбаев, У. Ибрагимов, Р. Есенжанов, М. Өтебаев, Б. Ермеков, А. Қарамұрзаев, Д. Игильманов және басқалары.

КСРО құлаған уақытта және нарықтық қатынасқа көшкен кезде бұрынғы өнім берушілермен қарым-қатынас үзілді. Қаржыландырудың болмауы және тапсырыстардың күрт азаюы, сондай-ақ тозығы жектен білдектердің ескі паркі білікті мамандардың кетуі мен кәсіпорынның дербес мәртебесін жоғалтуға әкеліп соқтырды. Олар басқарманың негізін сақтап қалып, дағдарыс жағдайларын жеңіп, бәсекелес компаниялармен табысты түрде бәскеге түсе біліп, Серіктестікке пайда әкелді. «Бұрғылау» ЖШС директоры Т. Аджибаев 2006 жылдың 14 желтоқсанында қоғам тарапынан қолдау тапқан Жаңару орденімен марапатталды. Табыстау рәсімі Халықаралық стартегиялық басқару, бағалау және есепке алу лигасымен жүргізілді. СБМЛ қызметі Ресейде стратегиялық басқарудың озық технологияларын игеру жолымен бәсекеге қабілеттілікті арттыруда көмек көрсету үшін бағытталған.

Қоғам тарапынан қолдау тапқан наградалар Ресей және басқа да мемлекеттердің азаматтарына беріледі. Бұл орден корпоративтік басқарудың тәжірибесіне және экономикалық дамуға айтарлықтай үлес қосқан басшыларға табыстайды.

Қоғам тарапынан қолдау тапқан наградалар РФ Федералдық жиналыс Кеңесінің төрағасы С. Мироновқа, академиктер Л. Абалкинге және Е. Примаковқа, РССП президенті А. Вольский және тағы басқаларына берілді.

Әр түрлі геологиялық жағдайларда және тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес ұңғымалар желілерінің технологиясын меңгерген жоғары білікті кадрлар өсіп шықты. Атап айтқанда, Сариев А. М - БЖБ, Нұрлыбаев Н. – БЖБ бас инженері, Сахиев С. –«Бұрғылау» ЖШС технологиялық бөлім бастығы, БЖБ бас технологы – Молбаев Ж., БЖБ технологиялыөқ бөлім бастығы - Көшбаев С., БЖБ ОИТҚ бастығы - Ақшабаев Х. – Қазақстанның БЛКЖО ОК премиясының лауреаты, БЖБ бас геологы - А. Абаев, бұрғылау қондырғыларының басшылары Жумабаев А., Балышанов М., Жайкулов М., Утешов А., Досниязов Т., сондай-ақ «Бұрғылау» ЖШС бас директоры - Т. Аджибаев, бас директордың орынбасарлары Р. Есенжанов, У. Телегусов, С. Огай.

Серіктестік ұңғымаларды бұрғылау мен күрделі жөндеуді өткізуде шетелдік және жеке фирмалармен жұмыс жасауды айтарлықтай тәжірибе жинақталды. Қолда бар бұрғышылар тобы мен бұрғылау қондырғыларының паркі еліміздің барлық аумағы мен одан тыс жерлерде жұмыс өндрісін орындауға мүмкіндік береді.

Бұрғылау жұмыстарының басқармасы және ЖШС-не әр түрлі жылдары Марабаев Н. (1970), Дуйсенбаев У. (1980), Шалабаев Х. (1983), Усенов К. (1986), Раушанов A. (1993), Серикбаев Р. (1994), Утебаев А. (1996), Аджибаев Т. (1999), Сейтмағамбетов Т. (2009), Сариев А. (2012), Таушанов Д. (2016) басшылық жасады.

2008-15 жж. және 2016 ж. I тоқсанына «Бұрғылау» ЖШС коммерциялық жылдамдығының көрсеткіштері, м/ст.ай. ​

2013-2015 жылдары «Бұрғылау» ЖШС бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
Кондуктор бұрғылауға арналған Кремко-80 (1 дана) көтергіш қондырғыны өз күшімен жаңғырту

Кардвелл-200 3 бүрғылау қондырғысында роторлық негіздемелерді ауыстыру

МБУ-125 (ПЗТМ) және Кардвелл-200 қондырғыларының жоғарғы аспа тақтайларын ауыстыру

Бұрғылау бригадаларын тазалау жүйесін жаңғырту (дірілелектерді, ситогидроциклонды қондырғыларды,газсепараторларды, центрифугаларды жөндеу және ауыстыру)
TXJ-100 (1 ед) Кардвелл-200 (1 дана) бұрғылау қондырғылары шассилерінің жүру бөлшектерін күрделі жөндеу

Кондуктор бұрғылауға арналған Кремко-80 (1 дана) көтергіш қондырғыны өз күшімен жаңғырту

Hacker HD-22 роторды және Кардвелл-200 (АҚШ) типті шынжырлы редукторды орнату арқылы ZJ-20 7 бұрғылау қондырғысын жаңғырту

МБУ-125 № 7 (ПЗТМ) бұрғылау қондырғысы бойынша роторлы негізді ауыстыру
Кондуктор бұрғылауға арналған Кремко-80 (1 дана) көтергіш қондырғыны өз күшімен жаңғырту

МБУ-125 (ПЗТМ) 4 бұрғылау қондырғысында бұрғышының басқару пульттері аыстырылды

МБУ-125 № 4(ПЗТМ) бұрғылау қондырғысы бойынша қабылдау көпірімен роторлы негізді ауыстыру

ПВО паркінің Shanghai Shenkai (КНР) өндірілген Shaffer, типті превенторлы қондырғыларға толық көшуі аяқталды
4 бригада “FARR” гидравликалық кілттермен қамтылған 6 бригада“FARR” гидравликалық кілттермен қамтылған 4 бригада “FARR” гидравликалық кілттермен қамтылған
Бұрғылау бригадаларына 14 дана V-40м3қоқыс жинағыш өз күшімен дайындалды 4 бригада қуаттылығы 1000 л.с. PZ-9 бұрғылау сорғыларымен жабдықталған 3 бригадада «КаскорМашзавод» АҚ дайындалған ерітіндіге арналған өлшеуіштер толық ауыстырылған
«КаскорМашзавод» АҚ өнімділік жылдамдығын арттыру үшін 15 МВ (King Oil Tools) ұршықпен және жартылай тіркемемен 7 бригада қамтылды 3 бригада «КаскорМашзавод» АҚ өнімділік жылдамдығын арттыру үшін 15 МВ (King Oil Tools) ұршықпен және жартылай тіркемемен қамтылды 4 бригада «КаскорМашзавод» АҚ өнімділік жылдамдығын арттыру үшін 15 МВ (King Oil Tools) ұршықпен және жартылай тіркемемен қамтылды
F-800 (1 дана) бұрғылау сорғыларына, PZ-7 (1 дана, бурғылау роторларына (2 дана) күрделі жөндеу жүргізілді F-800 (1 дана) бүрғылау сорғыларына, 8Т650 (1 дана), бұрғылау роторларына (2 дана) күрделі жөндеу жүргізілді PZ-7 (1дана) бұрғылау сорғыларына, 8Т650-01 (1 дана), (2 дана) бүрғылау роторларына күрделі жөндеу жүргізілді

«Бұрғылау» ЖШС 2015-2016 жылдары:

VR-500 бұрғылау қондырғысы бойынша шегендеу бағандарын түсіру процесін автоматтандыру үшін 2015 жылы жүк көтерімділігі 250 тонна гидравликалық құбыр қармауы сатып алынды.

2016 жылы «Көпбейінді құрал-жабдық зауыты» ЖШС-мен бұрғылау құрал-жабдығын жөндеу және қалпына келтіру бойынша әріптестік басталды. Аталған шара импортты құрал-жабдықты жөндеуге қазақстандық компанияны тартуға, дағдарыс және ұлттық теңге валютасы құнсыздануы кезеңінде шетелдік валютаны сатып алуды болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұңғымалар құрылысы жұмыстарын орындау кезінде Қазақстандық құрамды айтарлықтай көбейтеді.

«Бұрғылау» ЖШС 2013-15 жылдар мен 2016 жылдың I тоқсанына қайталамалы жұмыстар саны

ЖЫЛ Өлшем бірлік 2013
(237 ұңғыма)
2014
(234 ұңғыма)
2015
(221 ұңғыма)
I тоқсаны 2016 ж.
(92 ұңғыма)
Қайталамалы жұмыстар
Ұңғымалар саны ұңғыма 42 46 51 17
Жұмсалған уақыт сағ. 15 264 15 504 25 512 3 912
Сома мың. тг. 295 815 367 377 595 475 131 509

«МұнайФилдСервис» ЖШС арналған (бригада/сағ 29 500 теңге) ҰКЖ бағаларын қолдану кезінде қайталамалы жұмыстар құны

Жыл Өлшем бірлік 2013 2014 2015 2016 ж. I тоқсаны
Сома мың. тг. 450 288 457 368 752 604 115 404

«Круз» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС (бригада/сағ құны 66 000 теңге) арналған ҰКЖ бағаларын қолдану кезінде қайталамалы жұмыстар құны

Жыл Өлшем бірлік 2013 2014 2015 2016 ж. I тоқсаны
Сома мың. тг. 1 007 424 1 023 264 1 683 792 258 192

Презентацияны көшіріп алу

18.04.2016 ж. 16006480 лицензия

Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1

Фото 1 Фото 1 Фото 1

Медициналық қызметтерге лицензия

Фото 1 Фото 1 Фото 1

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия

Фото 1 Фото 1 Фото 1 Фото 1


Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход