«Тәжірибелік қолданыстағы ҚР Еңбек Кодексі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

«Тәжірибелік қолданыстағы ҚР Еңбек Кодексі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

GSS Оқыту орталығымен  «Тәжірибелік қолданыстағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (2016 жылғы соңғы өзгерістер мен қосымшаларды есепке ала отырып)» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарда ҚР Еңбек Кодексін жасақтаушылардың бірі болып табылатын, заң ғылымдарының кандидаты Гилева Наталья Васильевна дәріс оқыды.
Семинарда еңбек дауларының алдын алу, әлеуметтік әріптестік институтын дамыту, кәсіподаққа кірудің ынталандыру себептерін жақсарту, ұжымдық арыз арқылы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету сияқты мәселелер талқыланды.
Семинар-тренинг тренер мен қатысушылардың өзара тығыз қарым-қатынасының арқасында жоғары деңгейде өткізілді. Бөлім басшылары, келісу комиссиясының мүшелері, заңгерлер және персоналды басқару бөлімінің қызметкерлері семинар тыңдаушылары ретінде қатысты. Дәріскердің жоғары біліктілігі, ҚР Еңбек Кодексін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетік меңгеруі қатысушылардың барлығын қызықтыра білді.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар еңбек заңнамасы саласындағы өз білімдерін тереңдетіп, кеңейтті.






 1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход