«Операциялық менеджмент» тақырыбындағы тренинг өз мәресіне жетті

«Операциялық менеджмент» тақырыбындағы тренинг өз мәресіне жетті

«Операциялық менеджмент» тақырыбында компанияның басшылық құрамына арналған екі күндік тренинг өткізілді, аталған шараның мақсаты – басшыларға басқарудың процестік әдістерін меңгерту.
Қазіргі таңда ешбір өндірістің дұрыс операциялық менеджентсіз тиімді  жұмыс жасай алмайтындығы белгілі.
Операциялық менеджмент — материалдарды сатып алудан бастап сатып алушыларға дайын өнімді жеткізумен аяқталатын өндірісті басқаруды сипаттайтын менеджменттің бір түрі болып табылады.
Дәріс оқыған елімізге белгілі бизнес-тәлімгер Жексен Васильевич. Барлық қатысушылар аталған тренингтің білім мен білік-дағдыны жетілдіруде  үлкен септігін тигізгендігін атап өтті.  Шара соңында  әр қатысушыға  куәлік табыс етілді.



 1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход