Нұрлыбек Масақбаев - «Жылдың үздік бұрғышысы»

Нұрлыбек Масақбаев - «Жылдың үздік бұрғышысы»

Жыл аяқталар тұста өлкемізде әр салада оза шауып, өз мамандығының хас шеберлерін анықтайтын игі дәстүр қалыптасты. «Мұнайшы» мәдениет үйінде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жыл адамы - 2017» байқауының үздіктерді тану шарасы өтті. «Алтын жүрек - 2017» номинациясының жеңімпазы мен «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағының иегерлері анықталды.
Жылына бір рет өткізілетін бұл тақырыпты басқосудың басты бағыты - Елімізге шынайы қызмет етумен қатар, өз мамандығын жете меңгеріп, еселі еңбегімен үлкен жетістіктерге жеткен маман иелерін дәріптеу және мадақтау боп саналады.
Шарада алғашқы құттықтау сөз қала әкімі Әділбек Дауылбаевқа беріліп, ол шаһар тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, қала көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндай келе, сала қызметкерлеріне риясыз еңбектері үшін алғыс айтты.
Үздік деп танылған әр түрлі сала мамандарына қала әкімінің арнайы марапаты «Жыл адамы - 2017» номинациялары табысталды. «Бұрғылау» ЖШС-ның  «Ақмолдаев» бұрғышылар бригадасының бұрғышысы Нұрлыбек Масақбаев «Жылдың үздік бұрғышысы» номинациясына лайық деп танылды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, абыройлы еңбегі үшін алғыс айтамыз.


 1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход