Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасындағы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуді түсіндіру бойынша кездесу өткізілді. «Бұрғылау» ЖШС қызметкерлері қатысқан жиында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жаңа жүйе қағидаларымен таныстырды.
Кездесу барысында алғашқы сөз кезегін алған Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының директоры М.Сариев өз сөзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мақсаты, міндеті мен қадамдары жайлы ауқымды ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылардың қойылған барлық сауалдарына толық жауаптар берілді.
Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады
Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды
Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану
«Бұрғылау» ЖШС
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.