Мемлекеттік рәміздер күніне орай жиын өтті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай жиын өтті

«Бұрғылау» ЖШС-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай жиын өтті. Әлеуметтік даму бөлімінің инженері Мәулен Сыдықбеков ұжымды мерекемен құттықтай келе, мемлекеттік рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екендігін атап өтті. Әнұранмен ашылған іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы дайындалған арнайы презентация көрсетілді. Тақырып бойынша қысқаша түсінік беріліп, жиналғандардың бұл орайдағы білімін тексеру мақсатында сұрақтар қойылды.
- Іс-шара қазақстандық патриотизм, ел мен халық бірлігі және оның төл белгілерін, саяси тәуелсіздіктің мән-маңызын түйсінуге, мемлекеттік рәміздеріміз - Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеуге бағытталды, - деді жиын модераторы Мәулен Сыдықбеков.


 1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход