МҰНАЙШЫЛАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАДЫ

МҰНАЙШЫЛАР САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАДЫ

"Бұрғылау" ЖШС мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай кәсіпорын цехтары арасында спорттық сайыс өткізді. Басты мақсат - қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға баулып, оны барынша насихаттау болып табылады. Спорттық шара барысында мекеме қызметкерлері футбол, волейбол, теннис, бильярд, арқан тартыс, тоғызқұмалақ ойындары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде волейбол ойынында 1-орынға "Бәйтерек" командасы, 2-орынға "Игеру цехы" командасы, қола жүлдеге "Өндірісті қамту базасы" командасы ие болды. Футбол бойынша "Бұрғышы" тобы бас жүлдеге, "Игеру цехы" тобы 2-орынға, сондай-ақ, "Бәйтерек" командасы 3-орынға шықты. Қызметкерлер арасында өткен бильярд ойыны бойынша Н. Боранкулов топ жарды. Ал, А.Ким күміс жүлдені қанжығалады. Н.Тукпатов 3-орынды қанағат тұтты. Теннис ойынында алғашқы орынды Т. Шораев, 2-орынды Е.Исабергенов, 3-орынды М.Еркимбаев иеленді. Тоғызқұмалақ сайысында 1-орынды И.Қаржаубайұлы жеңіп алса, күміс жүлдені М.Сыдықбеков иеленді. Ал 3-орынға А.Ким тұрақтады. Арқан тарту жарысында бас жүлдені "Бұрғышы" командасы ұтып алса, 2-орынды "Игеру цехы" командасы қанжығалады. 1,3-орындарды "Өндірісті қамту базасы" командасы иеленді.


 1  1  1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход