Лагерь маусымы – 2018

Лагерь маусымы – 2018

«Бұрғылау» ЖШС жаз айларында қызметкерлердің балаларына арнап  еліміздің әр аймағында орналасқан балалар сауықтыру орталықтарына жолдамалар беруді ұйымдастыруда. Бүгінде балалар Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» және «Горное солнце», Көкшетаудағы «Сұңқар», сонымен қатар Ақтау қаласындағы «Фламинго» лагерлерінде демалуда. Аталған сауықтыру орындарында балалардың толыққанды демалуы үшін жан-жақты жағдай қарастырылған. Лагерлер бассейнмен, заманауи спорт және ойын алаңдарымен, кинозалдармен қамтылған. Жеткіншектерге арнап спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, түрлі байқаулар мен фестивальдар ұйымдастырылып, балалардың әрбір күнін естен кетпес қызықты да пайдалы етіп өткізу үшін бар жағдай жасалған.  


 1  1  1  1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход