KMG Burgylau үздіктері анықталды

2 ноября 2022

«Қазмұнайгаз-Бұрғылау» сервистік бұрғылау кәсіпорнында» жыл сайын мұнайшылар күнінің қарсаңында жұмыс барысын қорытындылап, нәтижелерді саралау дәстүрге айналды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша өндірісте үздік нәтиже көрсеткен бригадалар анықталды. Айта кетелік үздіктер өндірістік-техникалық және қаржы-экономикалық көрсеткіштер бойынша есептелді.

Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша сегіз ұңғыма қазған Лұқпанов Ахмет және Жексенғалиев Қуандық басқаратын №7 бұрғылау бригадасы (ZJ-20 №2 бұрғылау қондырғысы) үздік деп танылды. Қазылған ұңғымалар бойынша жалпы өтім 7053 метр. Орташа механикалық жылдамдық сағатына 31 метр болса, орташа коммерциялық жылдамдық айына 2811 метрді құрады. Өнімсіз уақыт көрсеткіші бар жоғы 3 пайызды құрады. Бригада жұмысында ерекше көзге түскен биыл үздік бұрғышы атанған Бекмағамбетов Ертанды, механик Тілеубеков Мұхтарды, бұрғышының көмекшісі Сәтпаев Русланды айтып өтуге болады.

Екінші орын Қозбахов Өтеген мен Есеров Жәнібек басқаратын №3 бригадасына (ZJ-20 №1 бұрғылау қондырғысы) бұйырды. Бригада жалпы өтімі 6455 метр 7 ұңғыма қазды. Бұрғылау қондырғысының орташа механикалық жылдамығы сағатына 27 метр, ал орташа коммерциялық жылдамдығы айына 2068 метрді құрады. Өнімсіз уақыт көрсеткіші 8 пайыз болды. Бригаданың бастығы Қозбахов Өтеген үздік бұрғылау қондырғысының бастығы атанса, бұрғышының көмекшісі Кенженбетов Аслан, электромонтер Абдраупов Жан, электродәнекерлеуші Қайырқұлов Айболат, бұрғышы Омашов Мәлік өндірісте көрсеткен жетістіктері үшін алғыс хатпен марапатталды.

Үшінші орынға Рахметов Қанат  және Қаражанов Жайлыбек басқаратын №1 бұрғылау бригадасы (ZJ-20 №3 бұрғылау қондырғысы) ие болды. Жалпы өтімі 6073 метр 3 ұңғыма қазған бригада қондырғысының орташа механикалық жылдамдығы сағатына 13 метрді құрады. Ал коммерциялық жылдамдық айына 1532 метрді құрады. Бригадада биыл үздік атанған механик Қанатшаев Рысбекті, электромонтер Сейдулаев  Медетті, бұрғышы Ермағамбетов Амантайды, бұрғышының көмекшісі Сүлейменов Дастанды, машинист Әділбаев Әбутәліні тілге тиек етуге болады.


 1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход