"БҰРҒЫЛАУ" ЖШС қызметкерлері кәсіпорын ардагерлерімен кездесті

"БҰРҒЫЛАУ" ЖШС қызметкерлері кәсіпорын ардагерлерімен кездесті

Шараға Таңбай Қойшыбаев, Болатбай Қарамұрзаев, Ізтұрған Ұзақбаев, Тыныштық Базарбаев сияқты Өзен кен орнын игеруге атсалысқан бұрғышы ардагерлер қатысты. Ардагер азаматтар өткен еңбек жылдарын еске алып, қиыны мен қызығы мол уақыттардан сыр шертіп, теңдессіз тәжірибелерімен бөлісті. Кейінгі ізбасарларына бағыт-бағдар, ақыл-кеңестерін беріп, жас ұрпақты бейбіт заманның қадірін ұғынуға, ел келешегі үшін еңбек етуге шақырды.
Ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру арқылы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді мақсат еткен кездесудің жастарға берер ұлағаты мол болды.


 1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход