Ереуіл заңсыз деп танылды, «Бұрғылау» ЖШС жұмысшыларды жұмыс орындарына қайта оралуға шақыруда.

19 февраля 2022

2022 жылдың 9 ақпанында «Бұрғылау» ЖШС жұмысшыларының бір бөлігі жұмысқа бармады және әртүрлі талаптар қойып, ереуілге шыққандарын мәлімдеді. Нәтижесінде компанияның тұрақты өндірістік жұмысына зардап тиді.
Жаңаөзен қалалық сотының 2022 жылғы 17 ақпандағы шешімі бойынша жұмысшылардың ереуілі заңсыз деп танылды. Қазіргі кезде «Бұрғылау» ЖШС басшылығы жұмысшыларды ҚР еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орындарына оралып, өз міндеттерін атқаруға шақыруда.
Еңбек заңына сәйкес жұмыс орнында болмаған және өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда жұмысшылардың еңбекақылары сақталмайды. Бүгінгі таңда заңсыз ереуілге қатысып жатқан жұмысшылар өз жалақысын жоғалтуда. Заңсыз ереуілдің бұдан әрмен жалғасуы жұмысшылар табысының азайуына әкеліп соғады.
Орын алып жатқан жағдай «Бұрғылау» ЖШС қызмет көрсететін мердігер компанияларына да теріс әсерін тигізуде. Қазіргі таңда мердігер компаниялардағы 500-ден астам жұмысшылардың табыстары төмендеуде.
Жұмысшылар қойған талаптардың ішінде қомақты қаржылай шығындарды қажет ететіндері де бар. Бірақ осы жағдай салдарынан талаптарды қарастыру мүмкін емес. Мекеменің толық тоқтауына әсер етуі мүмкін ҚР еңбек кодексінің әрмен қарай бұзу жағдайлары «Бұрғылау» ЖШС тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемелерінің орындалмауына, үлкен айыппұлдарға және табыстан айырылуға әкеліп соғады.
Мекеменің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «Бұрғылау» ЖШС басшылығы ереуіл  қатысушыларын жұмысқа шығуға шақыруда.
Компания өз кезегінде еңбекақы төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырады және одан әрмен күшейте түседі. Сондай-ақ, даулы мәселелерді зерттеуді және дұрыс шешуді қолға алады. Жұмысшылармен бірлесе отырып өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді жан-жақты зерттеу комиссиясын құру шешімі қабылданды. «Бұрғылау» ЖШС басшылығы барлық іс-шаралар қазіргі еңбек заңнамаларына сәйкес және барлық жақтардың мүдделерін ескере отырып жұмыс істейтіндігіне кепіл береді.


 1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход