«БҰРҒЫЛАУ» ЖШС КОМПАНИЯСЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
14 февраля 20229-ақпан күні Жаңаөзен қаласында мұнайсервистік «Бұрығлау» ЖШС-нің 400-ге жуық қызметкері ереуілге шығып, бірқатар талаптарын айтты. Олардың көбі мамандардың санаты, бөлімдер мен кәсіптердің атаулары мен тарифтерді көтеруге қатысты.
Компания басшылығы қызметкерлермен кездесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес барлық мәселелерді конструктивті бағытта талқылау үшін келіссөз үстеліне отыруға шақырды.
Осыған орай компания қызметкерлердің талаптарына қатысты төмендегідей түсініктеме береді:
1) Жалақыны ЕСОТ бойынша төлеу
«Бұрғылау» ЖШС 2016 жылдан бері ЕСОТ жүйесін қолданады, тарифтік мөлшерлемелер «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ мен оның еншілес компанияларында қолданылатын бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесімен бірдей. БСОТ пен ЕСОТ арасында еш айырмашылық жоқ. БСОТ дегеніміз 2 мыңнан астам қызметкер қолданатын «Бұрғылау» ЖШС-дегі ЕСОТ жүйесінің шартты атауы ғана.
2) Ұжымдық шарттың талаптарын «Өзенмұнайгаз» АҚ-мен теңестіру
«Бұрғылау» ЖШС-нің қолданыстағы ұжымдық шарты тапсырыс беруші компания – «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымдық шартымен толықтай бір деңгейде.
Ұжымдық шартқа сай қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың түрлі шаралары, атап айтқанда, мерекелік сыйлықақылар, 13-ші еңбекақы, қосымша төлемдер мен жәрдемақылар, әртүрлі материалдық көмек түрлері, санаторийлер мен балалар лагерлеріне жолдамалар және т.б. әлеуметтік қолдау түрлері қарастырылған.
Сонымен қатар, қосымша демалыс күндері, материалдық төлемдердің көлемін ұлғайту, лагерьлерге жолдамал берілетін балалардың жасын ұлғайту және қызметкерлерді қолдаудың басқа да әлеуметтік шаралары қамтылған. Онымен қоса 1 ақпаннан бастап демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақы 1,5 еседен 2 есеге дейін өсті.
3) Бұрғышы көмекшілерінің разрядын 3-тен 4-ке көтеру
Өндірістік нормаларға сай бір бұрғылау бригадасында үш бұрғышының көмекшісі болуы керек, оның екеуі 4-разрядты және біреуі 3-ші разрядты болуы тиіс.
Дегенмен, «Бұрғылау» ЖШС өз әлеуметтік бағытын ескере отырып және қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында бір бұрғылау бригадасында төрт бұрғышы көмекшісі жұмыс істейді: оның екеуі 4-ші және екеуі 3-ші разрядты.
Осылайша, бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені бұрғылау бригадасының қазіргі құрамының өзі стандарттар мен өндірістік қажеттіліктерден асып түседі.
4) Жеделдету үстемақысын төлеу
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау бригадаларының қызметкерлеріне ұңғыма құрылысын мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін қосымша еңбекақы төленеді.
Тапсырыс берушінің техникалық жобасына сәйкес ұңғыманың қалыпты құрылыс мерзімі 18 күннен 35 күнге дейін.
Жұмыс комиссиясының отырысында жұмысшылардың өкілдері осы техникалық жобамен таныстырылған болатын.
5) Қосымша жұмыс үшін төленетін ақы
Жұмысшылардың өкілдері қосымша жұмысы үшін ақы төленуі тиіс мамандықтар тізімін айқындады.
Жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері қосымша ақы төлеу мәселесін нормалау (хронометраж жүргізу) жобалық институтының шығарған қорытындысы бойынша анықталған жұмыс көлеміне сай қарастыруға келісілті.
6) Құбыр цехының жұмысшыларын (моторист, опрессовщик) түнгі ауысымға шығуын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 73 бабына сәйкес. «Ауысымдық жұмыс өндіріс процесінің ұзақтығы күнделікті жұмыстың рұқсат етілген ұзақтығынан асатын жағдайда енгізілуі мүмкін».
Құбырларды өндіруші құбырды қысыммен тексеріп, сәйкес сертификаттарымен бірге жеткізеді. Тиісінше, Қысымды сынау цехы үздіксіз жұмыспен жүктелмеген, ауысымдық жұмыс енгізудің қажеті жоқ.
Мотористер ағымдағы жұмыс кестесіне сай моторларды жөндеумен айналысады. Бұл жұмыстың көлемі де ауысымдық режимді қажет етпейді, өндірісте қосымша жұмыс (үстеме жұмыс, демалыс күні) істеген жағдайда төлем заңға сәйкес жүргізіледі.
7) Бұрғылау сұйықтарын дайындау цехы қызметкерлеріне зияндылық үшін төленетін ақы мөлшенін ұлғайту
Зияндылық үшін қосымша төлем заңнамаға және Мұнай және газ саласы қызметкерлерінің 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісіміне сәйкес қауіп класына сай жүзеге асырылады.
Қауіптілік класы жұмыс орнын аттестациялау нәтижелері бойынша анықталады.
Соңғы аттестаттау нәтижелері бойынша бұрғылау ерітіндісін дайындаушының жұмыс орнының қауіптілік класы 3.1 екені айқындалды, бұл қауіптілік класы үшін БТС-тен 4% мөлшерінде қосымша төлемді қарастырылған.
Келесі аттестация 2022 жылға жоспарлануда. Қосымша ақы аттестация нәтижелері бойынша төленеді.
8) Тампонаж цехінің жабдықтарын жаңарту
Кәсіпорын үнемі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес техникалық байқау, техникалық сараптама жасап, бөлшекті және толық техникалық қызмет көрсетуді жүйелі түрде жүзеге асырады.
Мекеме жыл сайын техника мен жабдықтарды жаңартуға қомақты қаржы бөледі. 2008-2015 жылдар аралығында бұл мақсаттарға 41,5 млрд тг бөлінген.
2021 жылы жұмыс комиссиясы кәсіподақ ұйымымен бірлесе өткізген техникалық тексеру нәтижесінде жаңартылуы тиіс құрал-жабдықтардың тізімі жасалған болатытын. Техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға және жөндеуге қаражат бөлінген.
9) Құбыр цехының атын өзгерту және такелаждардың разрядын көтеру
Бөлім атауы оның қызмет түріне және санына қарай белгіленеді. Қазіргі уақытта құбыр цехы құбыр учаскесі деп аталады және басқа екі учаскемен бірге Өндірістік қызмет көрсету базасының (БПО) технологиялық жабдықтарын жөндеу және жылжыту цехының құрамына кіреді. Құбыр учаскесі 30 жұмысшыдан тұрады және өндірістік қызмет көрсетудің белгілі бір бөлігін ғана орындайды. Оны бөлек цехқа шығарудың қажеті жоқ.
Жұмыс комиссиясының отырысында такелажниктер жұмыс істейтін техника, сондай-ақ оның төлқұжат бойынша салмағы талқыланды.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы – БТБА (1-шығарылым) бойынша 5-разрядты такелажниктер «салмағы 50 тоннадан асатын машиналарға, механизмдерге, станоктарға» қатысты такелаждық жұмыстарды орындайды.
Іс жүзінде такелажниктер мұндай жұмыстарды орындамайтынын, құбырлардың массасы 50 тоннадан әлдеқайда төмен екенін анықтады. Сол себепті барлық такелажниктерге 5-разряд беріле алмайды.
10) Штат санын өсіру
Кәсіпорынның штат саны өндірістік қажеттіліктерге сәйкес анықталады. Қазіргі таңда кәсіпорында қосымша қызметкерлерге қажеттілік жоқ. Оның үстіне кәсіпорынның қазіргі штат саны (2050 адам штатта және 124 аутстаффингте) қазірдің өзінде өндірістік қажеттіліктен асып түседі.
Қосымша жұмыс орындарын ашу мақсатында кәсіпорынға 124 штаттан тыс жұмысшы тартылды. Қазіргі уақытта штаттан тыс жұмыскерлерді штатқа өткізудің Ережесі бекітілген. Адамдарды жұмысқа орналастыру алгоритмі Жаңаөзен қаласының әкімдігімен келісілген.
Оның үстіне, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздықты азайту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2022 жылдың ақпан айында 40 жаңа жұмыс орнын (аутстаффинг) ашу туралы шешім қабылданды.
Осыған орай, сәйкес өндірістік қажеттілік пен қаржылық мүмкіндіктерсіз қызметкерлер санының өсуі кәсіпорынның шығынға ұшырап, салдарынан банкрот және ликвидацияға ұшырау қаупі бар екенін атап өткен жөн.
11) Жұмыста жоқ қызметкерлердің орнына басқа жұмысшылармен қамтамасыз ету
Қызметкерлер жұмысқа шықпаған уақытта (демалыс, емделу және т.б.) өндірістік қажеттілік ішкі резерв есебінен жабылады, себебі мекемедегі кадрлар саны өндірістік қажеттіліктен артық.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 41 және 42-баптарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді оның келісімінсіз өндірістік қажеттіліктер үшін 3 айға дейін, ал бос тұрып қалған жағдайда – тоқтап тұрған барлық уақытқа жұмысшының денсаулығына зиянды емес басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы.
12) Лагерьге бара алмаған балаларға өтемақы төлеу туралы
Ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің есебінен жыл сайын 7 жастан 13 жасқа дейінгі қызметкерлердің балаларына жазғы демалыс лагерлеріне жолдама беріледі.
2021 жылы еліміздегі қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметкерлердің кейбір балалары жазғы лагерьлерге бара алмады. Осыған байланысты өткен жылы балалары лагерьге бара алмай қалған жұмысшыларға өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды. Өтемақы алу үшін қызметкерлер кәсіподаққа өтініш беруі керек.
Осы жылға дейін бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде ғана лагерлергге жолдамалар сатып алынатын. 2022 жылы Кәсіподақпен келіссөздерден кейін лагерьге баруға ниетті жұмысшылардың барлық балаларын (7 жастан 13 жасқа дейіня) шектеусіз жолдамамен қамтамасыз етуге шешім қабылданды.
13) КРС бригадаларына қосымша вагондар бөлінсін
Жұмыс комиссиясы мәселені қарастырып, оны Кәсіподақпен талқылау қорытындысы бойынша КРС цехі бригадаларын қосымша вагондармен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады, сатып алу жұмыстары басталды.
14) Бұрғылау және КРС бригадаларын заманауи душ кабиналарымен қамтамасыз ету
Бүгінгі күні нысандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде – қолданыстағы вагондар мен душтар жөнделіп, КРС бригадалары үшін жаңа вагондар сатып алынуда, олардың ішіне душ орнатылады.
15) Түнгі ауысымда жұмыс істейтін бригадалардың шығуын қамтамасыз ету
Кәсіпорында ауысымдық жұмыс істеуге өндірістік қажеттілік болмағандықтан күндізгі-түнгі кесте бойынша тұрақты жұмыс режимін ұйымдастыру мүмкін емес. Түнгі ауысымға қосымша жұмыс көлемі болған жағдайда жұмыс бригадалары қызметке тартылады.
Айта кететіні, 2019 жылдан бері компанияда ұңғыларды күрделі жөндеу (КРС) бойынша тапсырыс жоқ.
Жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында ұңғымаларды игеру цехы (ЦОС) құрылды. Қазір игеру бригадалары атқаратын қызмет бұрын бұрғылау бригадаларының міндетіне жататын.
16) Д.Таушанов, Т.Ахметова, Б.Мұқашева және А.Шапаховты қызметтерінен босату
Бұл қызметкерлер компания басшылығы қатарына кіреді, олар өздерінің еңбек міндеттерін адал орындайды және қызметкерлерден де заңнама мен еңбек шарты шеңберінде өз қызметтерін адал орындауды талап етеді. Жұмыс берушінің аталған мамандар жұмысына шағымы жоқ.
17) «Бұрғылау» ЖШС-ін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына өткізу
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жарияланған ақпаратқа сәйкес, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ мұнайсервистік компанияларды мемлекет меншігіне алуды жоспарламаған. Мемлекет, керісінше, мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындарды, оның ішінде мұнай-газ кешенін бәсекеге қабілетті ортаға көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.
Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады
Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды
Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану
«Бұрғылау» ЖШС
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.