Бильярдтан ардагерлер арасында жарыс өтті

Бильярдтан ардагерлер арасында жарыс өтті

7 Мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 Мамыр Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай, Жаңаөзен қалалық Ардагерлер Кеңесінде бильярдтан жарыс ұйымдастырылды. Аталған сайысқа «Бұрғылау» Серіктестігінің зейнеткерлері де қатысып, мекеме жалпы командалық есепте 3 орынды еншіледі. Жүлделі 1 орынға Асан Бекбатыров лайық деп танылса, Түркменбай Досжанов 2 орынды иеленіп, Жәңгірхан Бопыл 3 орынды қанжығасына байлады. Марапаттау рәсіміне «Бұрғылау» ЖШС Кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәкен Бекқалиев және бас директордың орынбасары Думан Мусин қатысып, жеңімпаз ардагерлерге сыйлықтар табыстады.


 1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход