БАЛА КӨЗҚАРАСЫ

БАЛА КӨЗҚАРАСЫ

Ата-ана мен балалар арасында тығыз байланыс бары белгілі. Анасы қызына үлгі болып, өмірді тануына көмектеседі. Ал, ер бала үшін әкесінің әрбір іс-әрекеті үлкен әсер беретіні айғақ. Осыны ескерген "Бұрғылау" мекемесі қызметкерлердің жұмыс орнын балаларына таныстырып, қысқа экскурсия ұйымдастырды. Шара аясында кішкентайлар әкелерінің күнделікті қызметін өз көздерімен көріп, отбасы үшін барлық қиындықтарды еңсеріп жүргендерін білді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай шара балаларға нанның үлкен еңбекпен келетінін ұғындырмақ. Сонымен қатар, болашақ мамандықтарын таңдауға да септігін тигізуі әбден мүмкін. Бүлдіршіндер еріншектікке салынбай, жұмыс жасаудың маңыздылығын ерте түсінгені абзал. Сонда ғана көп нәрсенің қадірін біліп, өмірден өз орнын оңай таба алады деген ойдамыз.


 1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход