Бақыты үшін баланың

Бақыты үшін баланың

1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бұрғылау» ЖШС қызметкерлерінің мүмкіндігі шектеулі балаларына «Жаннұр» мейрамханасында мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік шараны бас директордың орынбасары Думан Мусин, атқарушы директор Сенбек Нәбиев және кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәкен Бекқалиев ашып, балаларға құттықтау тілектерін жеткізді.
- Бала - біздің болашағымыз, үмітіміз. Балғындардың қуанышты жүзін көру кез келген жан үшін бақыт. Бүгінгі жайылған ақ дастарханымыз - осынау маңызды күнде сіздердің қуаныштарыңызға ортақтасу ниетінде, - деді «Бұрғылау» ЖШС бас директорының орынбасары Думан Мусин.
Сән-салтанатқа толы мерекені мекеме қызметкерлері дайындаған «Бауырсақ» ертегісі ашты. Одан кейін балалар тақпақ айтып, ертегі кейіпкерлерімен бірге ән салып, би биледі. Мерекеге келген балғындардың барлығына сыйлықтар үлестірілді. Кеш соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, балалар сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен естелік суретке түсті. Алтынай, Жұлдызай есімді егіз қыздардың анасы Камшат Еркембаева: «Ата-ана үшін ең бастысы - баласының денсаулығы мен бақытты жүзін көру. Осындай керемет кеш ұйымдастырып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Бұрғылау» мекемесіне зор алғысымды білдіремін», - дейді.
Мекеме басшылары сондай-ақ, қаламыздағы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты оңалту орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар таратты.


 1  1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход