Бұрғылаулық футболшылар турнирдің чемпионы атанды
22-24 желтоқсан күндері Ақтау қаласында әуесқойлар арасында шағын футболдан «ДЮСШ – 1984» кубогына арналған ашық турнир өтті. Турнир биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2014 жылдың желтоқсан айында балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 1984 жылғы түлектері өздерінің 30 жас мерейтойын және команданың 20 жылдығын атап өту мақсатында ашық турнир ұйымдастырған болатын. Содан бері айтулы спорт додасы дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келеді.
Турнирге Маңғыстау облысынан барлығы 16 команда қатысты. Жарыс алаңында компания намысын қорғаған «Бұрғылау» құрамасы қарсы келген барлық команданы басып озып, жарыс жеңімпазы атанды. Өз тобында 7 ұпай басымдықпен көш бастаған бұрғылаулықтар ширек финалда Ақтау қаласының «ДЮСШ-92» командасын 2:1 есебімен, жартылай финалда «ДЮСШ-88» командасын 6:2 есебімен артқа тастап, финалға жолдама алды. Ақтық жарыста Ақтау қаласының «Парасат» командасымен кездесіп, есепті өз пайдаларына шешуге тырысып бақты. Алдымен бірауыздылық, кейін шеберліктерінің арқасында жарысты 3:2 есебімен қорытындылап, компания сенімін арқалаған "Бұрғылау" құрамасы турнир чемпионы атанды. Ал команданың екі ойыншысы (қызметкерлеріміз): 6 голдың иесі Нұрболат Боранқұлов «Үздік сұрмерген», Нұршуақ Айдарбаев шебер ойыны үшін «Үздік ойыншы» атауларына ие болды.
Жүлделі ІІ ші орынға ақтаулық «Парасат» командасы тұрақтаса, «ДЮСШ-88» және жаңаөзендік «Арлан» командалары ІІІ орынды өзара бөлісті.
Жолдасов Бауыржан мен Манас Жанұзақов бапкерлік ететін «Бұрғылау» ЖШС-ның құрамасы қолдау көрсеткені үшін компания басшылығына алғысын білдіреді.
Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады
Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды
Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану
«Бұрғылау» ЖШС
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.