"БҰРҒЫЛАУ" ЖШС МҰНАЙШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

"БҰРҒЫЛАУ" ЖШС МҰНАЙШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ

"Бұрғылау" мекемесі ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін кеңінен атап өтті. Мерекеге орай салтанатты шара ұйымдастырылып, бірқатар үздік мамандар марапатқа ие болды. Жиында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары С.Танаева құттықтау сөз сөйлеп, барша мұнайшыларға ерен еңбектері үшін алғыс білдірді. Қара алтын игерушілерге қала басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті. Ал, мекеме басшылығы серіктестіктің дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге сый-сияпат жасап, төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, бірнеше еңбек озаттары Құрмет тақтасына енгізілді. Шарада "Үздік бұрғылау бригадасы" дипломына Айтжанов бригадасы ие болса, "Үздік ұңғымаларды игеру бригадасы" дипломын М.Омаров бригадасы жеңіп алды. Ал "Үздік цех" аталымын "ОИТҚ" иеленіп, барлығына ақшалай сыйлықтар берілді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша кәсіпорын дамуына еткен еңбегі мен жоғары біліктілігі үшін қондырғы бастығы Қ.Ақмолдаевқа Hyundai маркалы автокөлігі сыйға артылды.


 1  1  1  1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход