«Бұрғылау» балаларды қуантты

«Бұрғылау» балаларды қуантты

«Бұрғылау» ЖШС  жылдың алғашқы күндері Маңғыстау облысы білім басқармасы «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Жаңаөзен қаласындағы Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінде балғындарды мерекемен құттықтап, жаңа-жылдық тәттілерді сыйға тартты.
Алғашқы болып құттықтау сөз алған бас директордың орынбасары Думан Мусин: «Ең алдымен кішкентай бүлдіршіндерді, ата-аналарды және ұстаздар қауымын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Барлығыңызға зор денсаулық пен шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Сіздермен осындай мерекеде жүздескенімізге қуаныштымыз. Бұл орталық үнемі біздің назарда. Өткен жылы да көптеген мейрамдарды бірге өткізген болатынбыз. Алдағы уақытта да бұл жақсы дәстүр жалғасын табады деп сенемін», - деді.
Райхан Ермұханова, ата-ана:
- Балам Ақылбек осы мектепте 2-сыныпта оқиды. Ата-ана үшін баласының қуанышынан асқан ештеңе жоқ. Бүгін балалар мәз-мейрам. Осындай керемет көңіл-күй сыйлаған «Бұрғылау» ЖШС-на алғысымыз мол.
Бүгінде 176 бала арнайы білім алатын мекеменің алғашқы директоры Рабиға Қайырлиева «Бұрғылау» ЖШС-ның әр кезек өздеріне қолдау көрсетіп келе жатқанын айтып, мекеме басшылығына алғысын жеткізді. Мерекелік шараның жалғасы бүлдіршіндердің ұйымдастырған концертіне ұласты.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінде 57 тәрбиеленушіге де сыйлықтар таратылды.


 1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход