Балалар күніне орай қайырымдылық концерт ұйымдастырылды

Балалар күніне орай қайырымдылық концерт ұйымдастырылды

Аталған шараны Серіктестік кәсіподақ ұйымымен бірлесе Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде маусымның 2-сі және 3-і күндері «Мұнайшы» мәдениет үйінде өткізді. Мерекелік концертте бүлдіршіндердің көңілін көтеруге жергілікті өнерпаздармен қатар Ақтау қаласынан арнайы шақыртылған қуыршақ театры, балалардың сүйіктілеріне айналған ертегі және мультфильм кейіпкерлері, сиқыршылар мен сайқымазақтар өнер көрсетті. Балалар кеш жүргізушілері ұсынған түрлі концерттік нөмірлерді тамашалап қана қоймай, ойындарға қатысты, ән салып, сүйікті кейіпкерлерімен флешмоб биледі. Концерт көруге келген әрбір балаға ұйымдастырушылар атынан балмұздақ ұсынылды. Бір күнде 4 сеансты қамтып, екі күнге жалғасқан мерекелік концертті жалпы саны 3712 бала тамашалады.


 1  1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход