Ауызашар берілді

Ауызашар берілді

Рамазан - Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс. Осыған орай, «Бұрғылау» ЖШС “Алихан” мейрамханасында дастархан жайып, мекеме қызметкерлеріне арнап ауызашар берді. Алғашқы сөз кезегін алған Теңге ауылы «Қосай ата» мешітінің бас имамы Мырза Мухаммед-Юсуфұлы жиналған көпшілікке және барша мұсылман қауымына бағыштап дұға-тілегін білдірді. Бұл айда Аллаһ Тағаланы көбірек еске алып, одан кешірім тілеу, мүмкіндігінше жұртқа жақсылық жасап, мейлінше ізгі істі көбірек істеу, күнә атаулыдан барынша бойды аулақ ұстап, кембағал жандарға қол ұшын беріп, көбірек ғибадат-құлшылық жасау - үлкен ізгілік екеніне назар аударды. Ауызашар барысында уағыз айтылып, дұға-тілектер айында жиналғандар бір-біріне ізгі ниеттерін білдірумен қатар, өздерінің басын қосып, ауызашар беріп отырған басшылыққа ризашылықтарын жеткізді.
Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, құрметті жамағат!


 1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход