«Әлиханның аманаты» Жаңаөзенде сахналанды
«Бұрғылау жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы» мәдениет сарайында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының «Әлиханның аманаты» атты пьесасы қойылды. Реквием жанрында ұсынылған жаңа туындының режиссері Гүлсина Мерғалиева. Қойылымда алашордашылардың күрес жолы, ерік-жігері мен ұлттық рухы, қиындыққа толы өмірлері суреттелген. Халқы үшін жанын пида еткен, ұлты үшін басын бәйгеге тіккен нар тұлғалар туралы қойылған туындының айтары көп. Бір жарым сағатқа созылған пьеса ұлт көсемі Әлихан бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухына және Алаш Орданың 100 жылдығына арналған. Әлихан Бөкейханнан бөлек Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин секілді қазақ зиялыларының да образдары шебер сомдалды. Олардың «Алаш Орда» қозғалысын құрудағы мақсаты – қазақты тілінен, дінінен айырмау, сайлау жүйесін енгізу, шекараны бекіту, халықтың болмашы нәрсеге бола айдалып, жер аударылуына қарсылық білдіру еді. Тергеліп жатса да басын имеген Әлиханның асқақ бейнесін пьесадағы мына бір «абыройсыз арыстан болғанша көкжал болып қасарысып кеткенді жөн санаймын» деген сөздері айқын көрсетті. Қойылым бейбіт заманда өмір сүріп жатқан ұрпаққа тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ тұлғаларының жанқияр ерліктерін көрсетіп, егемендікті бағалау керектігін ұғындырды.
Жас ұрпақтың рухани жаңғыруына өзіндік үлестерін қосқан театр ұжымына рахмет айтамыз!
Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады
Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды
Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану
«Бұрғылау» ЖШС
«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.