«Бұрғылау» компаниясы қызметкерлердің балаларына жазғы демалысты ұйымдастырды

«Бұрғылау» компаниясы қызметкерлердің балаларына жазғы демалысты ұйымдастырды

Қызметкерлер балаларына  арналған жазғы демалысты ұйымдастыру – компанияның әлеуметтік саясатының басым  бағыттарының бірі болып табылады. Компаниямен әр уақытта демалыс орнын таңдауға ерекше көңіл бөлініп, жыл сайын жолдамалар сатып алынады. Жазғы лагерьлерде балалар  ыңғайлы жағдай жасалған қаладан тыс жерде  демалып қана қоймай, денсаулықтарын нығайтуға да мүмкіндік алады. Биылғы жазда компания қызметкрелерінің балалары  жазғы демалыстарының бір бөлігін Көкшетау қаласындағы «Сұңқар» және Алматы қаласындағы «Арман дала» лагерьлерінде өткізеді.  
Лагерьлерде демалу үшін толық жағдай жасалып, көптеген қызықты іс-шаралар жоспарланған. Балалармен бірге бос уақытты тиімді пайдалануды ұымдастырып, жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін,ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыра білетін білікті мамандар жұмыс жасайды. 2017 жылдың 17 және 27 маусымы аралығында алғашқы демалушылар тобы «Сұңқар» лагеріне барып демалып қайтты. Демалыстарының бір күнінде олар Астана қаласындағы  EXPO-2017  халықаралық көрмесін тамашалады. Балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, жаңа серпінмен оралды.


 1  1  1  1  1  1

Компания келешегі зор бұрғылау компанияларының бірі болып табылады

Компания ұсынылатын бұрғылау қызметтерінің жоғары сапа стандарттарын алға қояды

Компанияда жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды

Компания дамуының негізі - жинақталған мол тәжірибе мен жаңа заманғы технологияларды пайдалану


«Бұрғылау» ЖШС

«Бұрғылау» ЖШС бұрғылау жұмыстары саласында жұмыс жасайтын Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі. Мұнай-газ саласында, атап айтқанда пайдаланылатын мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтерін көрсетеді.

+

Вход